Дұрыс пен бұрыс

Бұл бетте «Дұрыс пен бұрыс» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2803
Қиылысы көшенің,
Жанды сәуле жасыл.
Дұрыс біліп есебін,
Жүріп кетті батыл.
Келе жатыр көшенің
Оң жағымен – Дұрыс.
Жолын кесті шешенің
Сол жағымен – Бұрыс.
Велосипед тебуді
Меңгерем деп оңай,
Бұрым жіпке керулі
Шырматылды жолай.
Светофор көзіне
Қарамасаң егер,
Қиын болар өзіңе –
Қауіп-қатер төнер.
Сары жанса жарқырап,
Мынаны біл дәйім:
Жасыл жанар артынан,
Болғын соған дайын.
Өте берсін бөбек те,
Жасыл сәуле жанса.
Кезікпейді бөгетке,
Осыны еске алса.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дұрыс пен бұрыс өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Дұрыс пен бұрыс өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дұрыс пен бұрыс өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дұрыс пен бұрыс өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері