Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға" – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға"» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1658
Күлмес жерде күлгің келсе,
Білмесіңді білгің келсе:
Кемпірді аймалап,
Келіншекті сүйгің келсе:
Құлақшыныңды ұшырып,
Біреудің бөркін кигің келсе,
Жағаңды етек қылып,
Бар түймеңді үзгің келсе,
Біреуді қошқар боп,
Тұмсығыңмен сүзгің келсе,
Қысылмас жерге қысылайын десең,
Семіздіктен ысылайын десең:
Автобусқа мініп көр!
Әлде біреумен ұрысқың келсе.
Қарап тұрып жұлысқың келсе:
Басың іште қалып,
Ішің сыртта қалып,
Үстіңді бой-бой жыртқың келсе,
Автобусқа мініп көр!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға" өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға" өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға" өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Автобаздағылардың құлағына "алтын сырға" өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері