Аш бала еді кешелер – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Аш бала еді кешелер» атты Сәкен Иманасов жазған бала туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Аш бала еді кешелер,
аржағына ел қонып,
алқынады деседі ел,
аңдығаны мен болып.
Жаман атқа жал бітіп,
жампозбын деп қалды ма,
асап жатыр қарбытып,
ас қойып ек алдына.
Қарап жүрген кісіде
несі барын кім білген,
қайырымсыз ісіне
қайран болып жүрмін мен.
Тұлдыр өсіп, тұл өсіп,
көзіне күн елестеп,
көшімізге ілесіп
келе жатыр емес пе ед!...
Шет қақпадық жат көріп,
барлығын да жүр естіп,
қайғы-мұңын қақ бөліп,
олжамыздан үлестік.
Неге бүгін албытты,
алды-артына қарамай,
атасынан хандықты
тартып алар баладай?!
Жарлы байып кешегі,
жабығына жел қонып,
... Алқынып жүр деседі,
аңдығаны мен болып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аш бала еді кешелер өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Аш бала еді кешелер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аш бала еді кешелер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма бала туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аш бала еді кешелер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері