Үндеме – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Үндеме» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1060
Қолдан келсе — үнсіз кел, үндемей кел,
үндемесең болғаны — күндемейді ел.
Айқай түгіл әзірге сыбыр қалып,
жыбыр қағып қаншама тұр көмейлер.
Өлер жерін қапысыз анық білген,
тұр ғой бүгін біразы қалып тілден.
" Үндеме!" — деп саған да қақсай-қақсай,
қақсай-қақсай, қайтейін жалықтым мен.
Жексұрынға кіжініп, жебірге де,
тілің қыши береді сенің неге?
Әділетті көрсең де көрмегенсіп,
үндеме тек, бауырым! Тек үндеме!
Таусылды ма тірлікте иланарың, —
Үндеме де, ішіңе жина бәрін.
Тақсіретті көрсең де теріс қара,
қайтесің сол қазақтың иман, арын!
Көрінуді ойламай күнде көсем,
бауырларың қаншама жүрген есен.
Кіріп-шыға қойыпты ішіңе кім,
сен де солай боласың үндемесең.
Қабақ түйіп біреулер шытынасын,
Ұтыласың сөйлесең, тұтыласың.
Үндеме тек, бауырым, үндемесең
Үйдей ғана пәледен құтыласың!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үндеме өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Үндеме өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үндеме өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үндеме өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері