Тамсантып күнде таңдайды еріткен – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Тамсантып күнде таңдайды еріткен» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.05.2021
  • 0
  • 0
  • 759
Тамсантып күнде таңдайды еріткен,
қандай әдемі, қандай көрікті-ең!
Күні-түні қызып жүрсін деп мені.
үмітімді үзік жалғай келіп пе ең?
Алдай келіп пе ең?!
Қандай әдемі, қандай керім ең!—
Жанымда жүрер жандай көріп ем,
Бұтағын үзіп құрым ағаштың,
бұрыла қаштың...— алдай беріп ем!
Қандай берік ең!..
Таңдай тұп-тұнық, балдай еріген,
қандай сүйкімді, қандай керім ең!
Қарамай бурыл шашыма қалқам,
қасыңа біраз қалмай еріп ем.
қардай ерігем...
Алдыра қойған арман қай елін,—
үріп ауызға салғандай едің,
тірі бауыздап өттің де бүгін
кеттің бе, күнім?—
Қандай бала едің!
Қандай бала едің!..
Айырылып асық қалмай ма еріктен,
апыр-ай, қалқам, қандай көрікті ең!
Тағдырды-ай мына, жұрттың алдында
алынбас өші бардай кеміткен!
Жанбай келіп пе ең?
Соңымнан әлі қалмай сүйкімді үн,
жағадағы жас талдай сілкіндім.
Тамсана келе дәмі де кетті,
мәні де кетті таңдай шіркіннің!
Талдай сілкіндім..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тамсантып күнде таңдайды еріткен өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Тамсантып күнде таңдайды еріткен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тамсантып күнде таңдайды еріткен өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тамсантып күнде таңдайды еріткен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері