Ұнатып көзін, ұнатып сөзін – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Ұнатып көзін, ұнатып сөзін» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 716
Ұнатып көзін, ұнатып сөзін,
Қонды деп басқа бақ қалай,
Жылатып та өзім,
Жұбатып та өзім,
Жүретін қызық шақтар-ай!
Қос қанат маған тағы да бітіп,
Самғадым кекке қаншалық,
Шығарып салып,
Сағына күтіп,
Жүретін, күн-ай, қарсы алып!
Кеш бата бізді ақырын ымдап,
Шақырушы еді-ау салқын бел,
Айырып естен,
Ақылымды ұрлап,
Аңсатып қойған бал түндер!
Кеудемде ғажап күй түнететін,
Жылдам-ақ атып жылдай таң,
Желмая сынды жүйткіп өтетін,
Ұйтқып ететін түнді айтам!..
Белес те белес
Белдерден өткем,
Қалып та сенсіз мен тілден,
Өзіңді іздеп елден де кеткем,
Айнымай айтқан сертімнен!
Қайтемін сені енді үгіттеп мен,
Қамығармыз да біз бейбақ:
Жүзіне қарап телміріп те өткен,
Жер қылып кеткен қызды ойлап!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұнатып көзін, ұнатып сөзін өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Ұнатып көзін, ұнатып сөзін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұнатып көзін, ұнатып сөзін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұнатып көзін, ұнатып сөзін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері