Күдік – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Күдік» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 587
(Бұл өлең 1972 жылы белгілі бір себепке байланысты жазылған еді, жоғалтып алғамын. Мынау — есіме түскен шумақтар).

Кім біледі,
кездейсоқта жат құшаққа кеп кіріп,
Көз жасынды әлдекімнің от-деміне кептіріп,
Мені құшқан ақ білектер айқасып-ақ басқамен,
Үлбіреген ақ тамақтан жатырмысың өптіріп!
Солқылдаған сымдай мүсін суып барып,
тағы ысып,
От құшақтар ауық-ауық айқасып-ақ қалысып.
Сүйкімді иек,
сүйір тілді түгел беріп басқаға,
Жатырқамай жаттың ба екен жат денеге жабысып.
Қобыраған қолаң шашқа жасырынып ақ маңдай,
Жанып-күйіп,
жаның иіп,
тәтті рахат тапқандай.
Таңға дейін дем үзіле тар төсекте талықсып,
Балқыдың ба
баяғы бір мені құшып жатқандай!
Осы күдік-қызғаныштан-жүз бөлініп ой мүлде,
Таңға дейін көзімді ілмей жүріп алам кейбірде
алма мойын,
аршын төстен аймалатып басқаға,
жат біреудің құшағында жатыр ма екен деймін де!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күдік өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Күдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері