Ақ жүрегін тербетіп
Бұл бетте «Ақ жүрегін тербетіп» атты Махамбет Өтемісұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ жүрегін тербетіп,
Ер көңілін желдетіп,
Ақсүйектің баласын
Қара ұлына теңгеріп,
Қоңыраулы найза өңгердім.
Жетімдерге жем бердім,
Жесірлерге жер бердім.
Ақырында, дүние-ай,
Сол ерліктен не көрдім?!
Жолдасқа билік бермедім,
Кешегі хан үстіне барғанда,
Ақсүйектің баласы
Бақадай шулап тұрғанда,
Ерлікпенен алданып,
Өзіме-өзім қас қылдым.
Сырлы зерен аяқпен
Бал ұрттаған ер едім, -
Бұл уақыттар болғанда,
Көктей өтіп Жайықты,
Бір қасық ішкен қара су
Жұмасына ас қылдым.
Осы жақта мен өліп,
Артымда тірі сен қалсаң,
Жасөспірім Жақияны,
Жолдасым, саған тапсырдым.
тагы да олендер бар ма
Махамбет Отемисулынын неше олены бар
Тағы кішкентай шумакты өлеңдер бар ма
Неше өлеңі бар
Махамет Өтемістің такпактары бар ма?
Сәл аздауы барма