Әбілмәжін Жұмабаевқа – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Әбілмәжін Жұмабаевқа» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.06.2021
  • 0
  • 0
  • 589
Әбеке, Сіз бір ақылды ағасыз,
бастық болдым деп бақырмағансыз,
қарауыңызда жүрген інілеріңіздің
біреуіне тізе батырмағансыз.
Ақырын жүріп, анық басқансыз,
қазынаңыз болса — халыққа ашқансыз,
жамандық атаулы пәленің бәрінен
басыңызды аулақ алып қашқансыз.
Зердеге біткен зейініңізбен,
кісі де болып пейіліңіз кең,
сыртқа шығарып көрген емессіз,
қалса да көңіл кей ініңізден.
Өсетін ұлдай батырға қарап,
жаныма Сізді жақын бағалап,
Алдыңызды кесіп өткен емеспін,
әр сөзіңізді ақылға балап.
Тел өсеміз бе, теңесеміз бе, —
Көніп келеміз не десеңіз де,
Өзіңізден аумай жаралғандай-ау
Сіздің үйдегі жеңешеміз де!
Қадіріңізбен, сабырыңызбен
Көрген емессіз жаңылып ізден, —
Сізге тек ұзақ ғұмыр тілер ем —
санасып жатса Тәңірі бізбен!

9 қазан, 1999 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбілмәжін Жұмабаевқа өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Әбілмәжін Жұмабаевқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбілмәжін Жұмабаевқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбілмәжін Жұмабаевқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері