Көне үргеніш – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Көне үргеніш» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 3493
I
Шығып әбден ығыры
Қиын болып күн көріс.
Керуендермен бір жылы
Кетіпті атам Үргеніш.
Кездеспепті бұл құмда,
Тым болмаса дуадақ.
Әкетіпті қиырға
Құйын соғып қуалап.
Жеткізбепті мұнара,
Жалт-жұлт ойнап қиырдан.
Ұсынбапты бұл дала
Тым болмаса түйір нан.
II
Қоршалмай-ақ қорғанмен
Жатыр көне Үргеніш,
Аты ескі болғанмен
Көп жаңалық, өзгеріс.
Жатыр жайрап күні өткен
Керуен сарай өткелі.
Соны жалдап күнелткен
Үргеніштің бектері.
Ескі дуал, тар аула,
Кеткен үлкен қала боп.
Айдай тақыр алаңға
Қонған топ-топ самолет.
Жаңа үйлерге сән беріп,
Жас теректер тізілген.
Бауларында алма, өрік
Аузыңа кеп үзілген.
Мақта желмен сусылдап,
Гүлін жарып ағарған.
Үргеніш тұр сусындап,
Ленин атты каналдан.
1956
* * *
Түркмения үстінен
Түнеріп талай жыл өтті.
Таяқ жеп момын күштіден,
Тақсіретпенен күнелтті.
Хан мен бектер құтырды,
Құшағында қырық әйел.
Жұлдыз түнде жұтылды,
Қанға бөкті қырқа бел.
Ханның ойнақ жынындай
Өтті-кетті құм дауыл.
Революция туындай
Жайқалады қырда гүл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көне үргеніш өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Көне үргеніш өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көне үргеніш өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көне үргеніш өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері