Жігіт сыны – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жігіт сыны» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.05.2021
  • 0
  • 0
  • 1663
Жігіттің көріп жүрміз не түрлісін,
Серісін, селтеңін де, өтімдісін.
Итін де, кісісін де талай-талай,
Аю да, арыстан да секілдісін.
Жымын да білдірмейтін жұрт ішінде,
Көрдік қой кірпісін де, түлкісін де.
Жалтаңы жағымпазы жүр қаншама,
Жасырып күлкісін де, түр-түсін де.
Міні жоқ бір ісінде, жүрісінде,
Көрдік қой ұсағын да, ірісін де.
Дос өлсе өп-өтірік өкситінін
Сан рет сатып жүріп тірісінде.
Таныған ауыл түгіл аймақ күшін,
Көрдік қой айбаттысын, қайраттысын.
Көзіңе мақтай тұрып шыға бере,
Кететін шіркінді де қайрап тісін.
Көрдік қой естісін де, есерін де,
Шешенін, көсемін де, кеселін де.
Сүрінсең сырт беретін сырдаңын да,
Дос бола кетіп қайта өсерін де.
Күншілін де, даладай пейілдісін,
Зейіндісін, өмірге бейімдісін.
Көріп келе жатырмыз тел құрбыны,
Тетелесті...бізден де кейінгісін...
Көрдік қой сырттанын да, сырдаңын да,
Ант атып талай құдай ұрғанын да.
Жалбақтап жатты көрсе жақынына,
Сызданып сыртын беріп тұрғанын да.
Жүретін әрбір ісі ел есінде,
Жігіттің көрдік қанша төресін де.
Көрдік қой көріп жүрміз тірі болсақ,
Талайын тағы-тағы көресің де.
Тапсам деп ойламайтын күреп пайда,
Жұлдыздай жанып тұрған әрбір жайда.
Жаманға жалынбайтын, шағынбайтын,
Көзіндей бабалардың жігіт қайда.
Бұл сөзім біреулерге түскен жасын,
Біреулер тыңдағанда иер басын.
Қайыспас дауылға да, жауынға да,
Қайда жүр қара нардай тұрғыласым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жігіт сыны өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Жігіт сыны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жігіт сыны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жігіт сыны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері