Асығып асқақ өр көңіл – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Асығып асқақ өр көңіл» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 777
Асығып асқақ өр көңіл,
асау да міндік, астық шың.
... Мен үшін, қалқам, сен де бір
алыста қалған жастықсың.
Жүзіндей жаңа қылыштың,
жарқылдап өскен шынарым,
жанбай да қалған бір ұшқын,
қанбай да қалған құмарым!...
Тетелес өстік, сыйластық,
сезімнің шоғын кеш үрлеп,
көзінде кетті қимастық,
өзіңде кетті есіл-дерт...
Аялап асыл арманды,
әдеттен озып, аспаушы ең
талай бір тәйтік "тарланды"
қабағыңмен-ақ жасқаушы ең.
Күні-түн саған жыр арнап,
қағынып жүрген жас ақын,
қиялмен құшып, жұмарлап,
қасыңа бармай,
қашатын.
Көз тартқан көрік, әрімен
киелі жердің, киігі ең,
жасырып елдің бәрінен
жанып бір...іштей...сүйіп ем!
Қанығып іштей атыңа,
көкейде тұрып назды үнің,
Мен болып шықтым
қапыда
қала да берген Мәжнүнің!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асығып асқақ өр көңіл өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Асығып асқақ өр көңіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асығып асқақ өр көңіл өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асығып асқақ өр көңіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері