Айта алмайтын өзінің атын айқын – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Айта алмайтын өзінің атын айқын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.05.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Айта алмайтын өзінің атын айқын
әлдекімді қолпаштап, апыр-ай, тым,
хан көтеріп алдым ба қайдағы бір
бозөкпені боғыма татымайтын?!
Желіктіре жетелеп сезім-қаңбақ,
көзімді арбап қошемет, өзімді алдап,
келіппін-ау қайдағы қадірсізге
қызуын қызға қимас сөзімді арнап!..
Жер де бұлдыр дәл қазір, көк те бұлдыр,
күңгір қағып айналам кеткен үңгір, —
Өзіме де со керек,
қара басып,..
қарап жүрмей, құдай-ау, не еткенім бұл?!
Не бетіммен сөйлегем, өлеңдеткем,
Естімейтін ел іші керең деп пе ең, —
ебелектей біреуді елпең қаққан
"Емен, — деппін, — тамыры терең кеткен."
Ері қайсы білуші ем, ез кісі кім,
еттім екен несіне сөзді шығын? —
Есеңгіреп отырған жайым мынау
Жаман иттей...
жалаған... өз құсығын!! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айта алмайтын өзінің атын айқын өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Айта алмайтын өзінің атын айқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айта алмайтын өзінің атын айқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айта алмайтын өзінің атын айқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері