Қыздың сыры – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Қыздың сыры» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1301
Тұрсынбек Кәкішев пен
Қаскей Өтекиннің рухына

Ескілікке,
Естелікке,
Түрік жүрген құлағы,
Зерделі жас,
Бір көнекөз қариядан,
Құпиялап сұрады:
«Бар екен ғой
Осы өңірде
Сәкен ғашық болған қыз,
Соны айтыңыз,
Керек елге,
Асыл жаққан махабаттың шырағы!»
Шарт түйіліп
Әжім басқан қабағы,
Жалт ете қап,
Мұнарланған жанары:
«Оның қандай
Қажеті бар халыққа?»
Деп қария,
Әуесқойға қарады.
«Не табасың,
Өткендердің
Қопарғанда өсегін,
Мұратыңа жетесің бе,
Аталардың,
Ақтарғанда төсегін,
Айтар болсаң еңбегін айт,
Ерлігін айт ерлердің,
Халық үшін жасап кеткен
Істерінің кесегін!
Айнымаймын
Ерге берген сөзімнен,
Сақтап келген
Сонау балаң кезімнен,
Маған сенген
Жан досымның жан сырын,
Ала кетем
Көрге бірге өзіммен!
Алтыбақан
Шырқай теуіп ай, көкпен,
Ақсүйекті
Іздеп бірге сай кеткен,
Әдемі сәт
Әлі күнге есімде,
Өтті-ау дәурен...
Мұңайтады ой көптен,
Ол бүгінде
Бір әулеттің әжесі...
Жастық сырын
Әйгілеймін қай бетпен!»
Зерттеуші енді
Тоқтап сөзге, бармады ары теріске,
Сыр-аманат,
Қиянатты қостамайды періште...
Қыздың сырын,
Алып кеткен бақиға,
Мәрт қазақтың
Нұры шалқыр пейіште!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыздың сыры өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Қыздың сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыздың сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыздың сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері