Ләйлі жүрек
Бұл бетте «Ләйлі жүрек» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлазыды көңілдің гүлді бағы,
Шымырап қарашығыма түн құлады.
Көңілімнің көмескі терезесін,
Сағыныштың елесі ұрғылады.
Ләйлі жүрек сарғайды сағынудан,
Саналарда кілкіген сабылуда ән.
Мына өмір шынымен тұратындай,
Ұмыту мен жоғалту, таблудан.
Қызықтырмай тірліктің байлығы мың,
Жүрегімнің жасырам қайғы мұңын.
Мәжүн жүрек жырлаудан жалыққан ау,
Мәңгі бітпес ғашықтық ләйлі жырын.
Құлазыды көңілдің мұңлы бағы,
Шымырап қарашығыма түн құлады.
Көңілімнің көмескі терезесін,
Есерліктің елесі ұрғылады.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі