Бұл бетте «Көк бөріні сүйемін» атты Гүлманат Әуелхан жазған махаббат туралы өлең берілген.
Жіберетін қайраты тасты да үгіп,
Алаулайды жанымда жастық үміт.
Қара түнде сағынып отырамын,
Қарлы тауды жататын қасқыр ұлып.
Тірлігіңе деймін де шүкір елім,
Арманымның ақбозын үкіледім.
Баба тауды сүйемін көкжалы бар,
Көкжал тектес халықтң тұқымы еім.
Таяз ұғып сен мазақ етпе мұны,
Баба таудың біз үшін бөктері ұлы.
Оғыз батыр аттанған ұлы тау бұл,
Көк байрағын көтеріп көк бөрілі.
Бас қамының жүргем жоқ күйттеуімен,
Көк бөріні сүйемін өйткені мен.
Ит жығыс боп келемін ғұмыр кешіп,
Иттері көп өмірдің итпегімен.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі