Мұқаметжан Қаратаев рухына – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Мұқаметжан Қаратаев рухына» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 813
Асып-тасып, ақтарыла кемерден
Қызынғанын көре қойған жоқ ем мен.
Анық басып, ақырындап жүріп-ақ,
Жоғарырақ тұрушы еді көп елден.
Иығы асып нелер пысық, "мықтыңнан",
Бейбастықты беделімен ықтырған.
Бала жастан өзін елге әйгілеп,
Кім екенін сөзімен де ұқтырған.
Өзі де өткір, сөзі де өткір алдаспан,
Шыңға қарай өрмеледі талмастан.
Шәу-шәу етіп қала берді көп күшік
Баяғыдан балағына жармасқан.
Ұрпағына аты өнеге, хаты үлгі,
Өзі — мәңгі! Сөзі қалды татымды.
Мұқаң менің көз алдымда тұрады
Алыптардың тұяғындай ақырғы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқаметжан Қаратаев рухына өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Мұқаметжан Қаратаев рухына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқаметжан Қаратаев рухына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқаметжан Қаратаев рухына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері