Мен қалалықпын – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Мен қалалықпын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1585
Бозарып таң атқаннан таралып түн,
Оянам жан-жағыма қаранып мың.
Жүгірем жұртпен бірге газет алып,
Жаршысы болу үшін жаңалықтың, –
Мен қалалықпын.
Бозарып таң атқаннан таралып түн,
Оянам жан-жағыма қаранып мың.
Мен деп ұқ: ширақ басып келе жатса
Дүкеннен айран мен сүт, нан алып кім –
Мен қалалықпын.
Бозарып таң атқаннан таралып түн,
Орнымнан ерте тұрам таранып тың.
Мен деп ұқ: асығыстан бара жатса
Балалар бақшасына бала алып кім –
Мен қалалықпын.
Бозарып таң атқаннан таралып түн,
Орнымнан ерте тұрам таранып тың.
Мен деп ұқ: келешекке көз жүгіртіп,
Отырса кеңсесінде қадалып кім –
Мен қалалықпын.
Желпініп жұмыстан соң, жаңарып күн,
Қайтамын көңіл-күйім ағарып тым.
Қайтадан қарсы алады қызу істер,
Бойымен тарап ойым сан арықтың –
Мен қалалықпын.
Желпініп жұмыстан соң, жаңарып күн,
Қайтамын көңіл-күйім ағарып тым.
Аңсаймын атамекен ауылымды
Бағындай базарлы күн балалықтың –
Мен қалалықпын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен қалалықпын өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Мен қалалықпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен қалалықпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен қалалықпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері