Тірілсін десек тіліміз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Тірілсін десек тіліміз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.08.2019
  • 0
  • 0
  • 6568
Тірілсін десек тіліміз,
Түрілсін десек түніміз,
Болуы керек бұлтақсыз
Ата заңымыз – піріміз.
«Мемлекет тілі – қазақ тіл»,
Дегені қандай ғажап бұл!
Орыстың тілі тең түрде
Қолданады деуі ағат бір.
Орыстың тілі былай да,
Біреуден көмек сұрай ма?
Басынып бізді біржола,
Батырған жоқ па лайға?
Сындырып сана, сағымды,
Қаншама мектеп жабылды.
Ұмытып жастар өз тілін,
Орысша сөйлеп қағынды.
Қала мен қыстақ, көше де,
Өзен мен көлдер нешеме
Өзгеріп кетсе орысша,
Көгерсін қалай көсеге?
Сейілген кезде бір қауіп,
Оралу кері – шын қауіп.
Біртіндеп жанды жайлаған
Орыс тіл бізге шырмауық.
Тілі бар халық – халық қой,
Тілі жоқ халық – балық қой.
Мәңгілік тірі мәңгүрт боп
Сүруің өмір – тамұқ қой.
Деген ұлт Қазақ бір ғана,
Анықтар оны тіл ғана.
Еркіндік алған екенсің,
Анаңның тілін былғама.
Мемлекеттік қос тіл болмайды,
Жыланнан көргін ондайды.
Орыс тіл қорлық көрмейді,
Қазақ тіл өлсе – сол қайғы.
Тірілсін десек тіліміз,
Түрілсін десек түніміз,
Болуы керек бұлтақсыз
Ата заңымыз – піріміз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тірілсін десек тіліміз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Тірілсін десек тіліміз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тірілсін десек тіліміз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тірілсін десек тіліміз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері