Қызыма – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қызыма» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 2270
Ұйқыға тәтті бөленген шағың,
Ғажайып елес,гүл сағым.
Ұлпадан нәзік мұздаса тәнің,
Мейірімменен жылытамын.

Сен үшін мәңгі жүрегім жасыл,
Жапырағындай шыршаның,
Базарды кездім бөлейтін сені,
Матаның іздеп жұмсағын.

Балапан сынды талпыншы тағы,
Көңілім көлдей тасысын,
Күлкіңнен сенің қасіретімнің,
Жігері сынып жасысын.

Қарашығыңа қарасам болды,
Іздемен тастың жаһұтын,
Тағдырым маған тарту етіпті,
Періште бағу бақытын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері