Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Көк өгіз

Бұл бетте «Көк өгіз» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 8171
Көк өгіз көзге толық, денесі мол,
Басқадан өзін өзі көріпті зор.
Табын тастап қосылды жылқыларға
Сиырмен бірге жүрсем болам деп қор.

Дос болып өгіз, жылқы көп күн өтті,
Бұларға бір ордалы қасқыр кепті.
Жанынан жылқы күдер үзген кезде,
Көк өгіз қасындағы келіп жетті.

Күжілдеп аузын ашып мүйіз шайқап,
Жылқыға жолатпады бәрін жайқап.
Жымып тұрған жылқылар үркіп қашты,
Қасқырмен айналғанын оның байқап.

Жылқы кетті, бәлеге өгіз қалды,
Өкіртіп тамам қасқыр ортаға алды.
Даладан бір тол мөшке даусын естіп,
Дүркіреп олар-дағы келіп қалды.
Әр бірі сүзді, қуды қасқырларды
Әйтеуір көк өгізді айрып алды.

Әпендім, ой жіберсең бұл бір ақыл,
Бұрынғы кәриелерден қалған нақыл.

Жынысы басқа жылқылар тастап кетіп,
Бәледен өз жынысы құтқарды ақыр.
Көкке жетсе, өз жынысын қорламасқа,
Бек нықтап тәубе қылған өгіз батыр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көк өгіз өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Көк өгіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көк өгіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көк өгіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері