Қия алмай – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қия алмай» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 674
Қия алмай зорға қаласың дағы,
Аласың көзден мұң ұрлап.
Екі кездесу арасындағы,
Үзіліс неге тым ұзақ?

Екі кездесу арасындағы,
Болмайды бостық тым тыныш.
Қызғаныш, күдік, өкпе, реніш,
Сағыныш, алаң, күрсініс.

Жаңбырдың жыры, орманның биі,
Боранның күйі-ұққаным.
Қалыпқа ойым сыймағанменен,
Қалыптан бірақ шықпадым.

Талдырды мұңым, талшық етіп ем,
Өткен күндердің елесін.
Басқалар неткен бақытты еді,
Өзіңді күнде көретін.

Сұқ саусақтарым мүйізгек болды,
Есігін қағып бақыттың.
Жолықпай мүмкін кетерміз біздер,
Қанжығасында уақыттың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері