Шексіз сезім құшағында тербелдім – Гүлманат Әуелхан

Бұл бетте «Шексіз сезім құшағында тербелдім» атты Гүлманат Әуелхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1679
Шексіз сезім құшағында тербелдім,
Қиялымның әлеміне сен келдің.
Бозғылт тұман арасынан қол бұлғап,
Боз үміттің соңына еріп сенделдім.

Махаббаттың ұлылығын сезіндім,
Жаның шемен, тұнып тұрған көзің мұң.
Домбыраның әуеніне елітіп,
Шерге толы көңіліммен езілдім.

Ебіл-дебіл ақ жаңбырдай егілдім,
Жанымды жеп бара жатты жемір мұң.
Ұйықтап жатқан сезімімді оятып,
Көңілімнің терезесін сен ұрдың...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері