Абай мен Шәкәрім – Жансауле Хуантай

Бұл бетте «Абай мен Шәкәрім» атты Жансауле Хуантай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Дүниеге қайта келмес дара жандар
Жаныңа дара тұтқан туған халқың.
Өсиеттері санаңа азық болар,
Өлеңдері жырлайды өмір салтын.

Естіп біліп, көз көріп, ойға салар,
Өткен күннен адамзат үлгі алар.
Ұлы дана Абайдың жырларынан,
Мәңгілікке өлмейтін белгі қалған.

«Үш-ақ түрлі өмір бар бәрі де мас»,-
деп жырлайтын Шәкәрім ойсыз болмас.
Өмірдің қиындығын шын ұқпаған,
Өмірде өз бақытын еш таба алмас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері