Мейірім нұры – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Мейірім нұры» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 581
Мейірім нұры мазасын алып,
Көбесі мұңның сөгілді.

Таңдайға тағы тәтті жыр келіп,
Тісімнен маржан төгілді.

Ұмытып сонау қамсыз кезімді,
Көкжйекке қол созбадым.
Әр неге сенгіш аңқау көнілді,
Тыныштық күйден қозғадың.

Күннің ызғары көлдің мұздары,
Түсірмес сызат сезімге.
Құлпырып ғалам кетеді екен,
Жүрекпен күлген кезіңде.

Мейірім нұры ауысар ма әлде,
Терезесіне басқа үйдің?
Кеудемді жүрек ұрғылап кетті,
Толқыны сынды кәспидің..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері