Арманым асқақ! – Султангалиева Перизат

Бұл бетте «Арманым асқақ!» атты Султангалиева Перизат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Арманым асқақ, қол бұлғайды асқардан,
Қиялым самғап, жол іздейді аспаннан,
Жүрегім тулап, қорқады білем, бірақ та,
Жасқанбаймын! арманға жетем аңсаған!
Талпынамын, қандай сынақ болсада,
Өмір өзен, өте шығар қасқағым.
Көңіліме мөлдір мұң кеп толса да,
Босқа өтпес деп сенемін жас шағым...
Бойда қуат, санада от лаулаған,
Менің жаным көкте қыран самғаған.
Әрбір таңым бөлеп мені шуаққа,
Өмірімнің әр сәтіне таңданам...
Жақсылықтың жаршысы боп әр күнім,
Сый боп келсін өміріме тағдырым.
Тірлік мәні құралады сәттерден,
Ал сәттердің арты бақыт алды мұң...
Мен бәріңе тек жақсылық тілерім,
Орындалсын армандарың аңсаған!
Өмір жолы оңай емес білемін,
Сонда дағы сүрінбесін барша жан!


Пікірлер (3)

Akboken_serikova

Өте қатты ұнады. рухты адамның жүректен шыққан өлеңі екені байқалып тұр. Жарайсыз! 

АБЫЛАЕВА ҚАРАҚАТ

Маған өте қатты ұнады

Аянат

Маған өте ұнады

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері