Бұл бетте «Жар болсын жалғыз жаратқан!» атты Султангалиева Перизат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өмірдегі шаттық, бақыт, қуаныш.
Біздер үшін мүлдем басқа түсінік.
Бұл өмірдің бізге берген сынағын
Шындығында жүрмізбе біз түсініп?!
Құшақ жайып саған барын беретін,
Өз үйіңде мейірімді шуақ тұр...
Сені өсірген ата-ананың қадірін
Білгің келсе жетімдерден сұрап көр..
Жанарына жас іркіліп қаншама,
Қиналса да сұрақтар мен күдіктен
Жүрегінің түбіндегі тілегі
Терезеге телміреді үмітпен
Мұңға толы мөлдіреген жанары,
Мейірімге толы құшақ іздейді.
Аңсайды олар алақанды аялы
Арманынан үміттерін үзбейді.
Жетімдердің жасымасын көңілі,
Сүрінбесін өмір атты сынақтан,
Шын жүректен өздеріңе тілерім
Жар болсын жалғыз Жаратқан!
Akboken_serikova
Əр сөзі мағыналы екен. Ия, Жетімдерге жар болсын өзі Жаратқан! Əумин!