Өлең, жыр, ақындар

Сыр шертісіп атырар қымбат таңға

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Сыр шертісіп атырар қымбат таңға,
Жетер ме едік сен келіп тіл қатқанда.
Көңілімді алады күдік билеп,
Ала таудан алаулап күн батқанда.

Кірпік ілмей өтетін жұмақ бір түн,
(Сезіміме лап еткен тұзақ құрдым)
Сол бір кештің елесін көрейін деп,
Алматы көшесінде ұзақ тұрдым.

Бұлтқа басын тау жатса тйеп алып,
(Баяғыдай қайың бас ійеді анық)
Бір-біріне асыққан жүректерді,
Дөңгелектер тасиды тйеп алып.

Баяғыдай жұлдыздар шашылулы,
Ай ұмытқан тұлғасын жасыруды.
Жақсылығы көп болсын жамандықтан,
Дөңгелектер бір жаққа асығулы.

Толсын деймін бар кеуде үміттерге,
Тозар көңіл төзімді үгіткенде.
Кешке шейін кім білсін жұмыста боп,
Жұбайына асыққан жігіттер ме?

Бір-бірінің сенімін ақтап алып,
Төгілуге моншақтар шаққа қалып,
Арманына қол жеткен ғашықтар ма,
Қайтайық деп асыққан баққа барып.

Салқын самал еседі дала жақтан,
(Сенім кетсе шілдеде болады ақпан)
Сезім билеп өн-бойын жарын алдап,
Пысықтар ма басқаға бара жатқан?

Намыс үшін ел болып дауыс қылған,
Ұждандылық ездікке ауысты ұлдан.
Арулар ма бағасын сұлулықтың,
Төмендетіп теңгеге ауыстырған?

Баяғыдай жұлдыздар шашылулы,
Ай ұмытқан тұлғасын жасыруды.
Жақсылығы көп болсын жамандықтан,
Дөңгелектер бір жаққа асығулы…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мазамды алма менің

  • 0
  • 0

Мазамды алма менің,
Елестер бұлдыраған.
Сендерсіз мені өзіне,
Тартады нұрлы ғалам.

Толық

Екі жерде

  • 0
  • 0

Екі жерде біздер өмір сүріппіз,
Екі жерде екі тілді біліппіз.
Қызыл сызық бөлгенімен араны,
Бір ауамен тыныс алып жүріппіз.

Толық

Төзімімді тауып алғам

  • 0
  • 0

Төзімімді тауып алғам тауымнан,
Сіркіреуді үйренгенмін жауыннан.
Дарқандықты қабылдағам даладан,
Дала болып кейде жаным ауырған.

Толық