Кейбіреудің артықтығы – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Кейбіреудің артықтығы» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 489
Кейбіреудің артықтығы
Дәулет, ырыс, несібінде.
Алаяқтық, арамзалық
Өткере алар кәсібінде.
Кейбіреудің артықтығы
Жылтыраған құр бетінде,
Гүл тәрізді бір бүр ашып,
Солатұғын жел өтінде.
Кейбіреудің артықтығы
Аласармас ақылында.
Байлық, мансап, аруларың
Кететұғын тақымында.
Әттең мұны түсініп шын
Берер баға адам қайда.
Ауытқымай әділеттен
Қалатұғын адал қайда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кейбіреудің артықтығы өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Кейбіреудің артықтығы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кейбіреудің артықтығы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кейбіреудің артықтығы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері