Ләйлім – Ақан Сері Қорамсаұлы‎

Бұл бетте «Ләйлім» атты Ақан Сері Қорамсаұлы‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.05.2019
  • 0
  • 2
  • 10066
Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ?
Жаңа таптым аулыңды көптен сұрап.
Жел тимесе жан тимес деп жүргенде,
Қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ.

Аққу едің таранған айдындағы,
Ұштың ұзап қанатың жайдың-дағы.
Көлеңкеңді көрсетпей кете бардың,
Қол алысқан сертіңнен тайдың-дағы.

Осылай ма еді, ей, қалқа,айтқан сертің,
Жүрегімді жандырды ғашық дертің!
Мұнша неге сен мені әуреледің,
Болмаған соң әуелде баста еркің?!


Пікірлер (2)

Мика

Өте жақсы өзінің махаббатын өлеңге салды

Майра

Өлең өте әсерлі жазылған, мағынасы терең. Оқып отырып ерекше бір сезімге бөленесің. Осындай сапалы қазақша өлеңдер көбейе берсін!

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері