Көктемге хат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.09.2020
  • 0
  • 0
  • 3064
Сеңсеңі жасыл, көрпеші гүлді беткей, шың,
Көп болды көлбеп көзімнен бір сәт кетпейсің.
Көкекке мініп, италақазды жетекке ап,
Көктемім менің, көмекке маған жеткейсің.
Қарайған шақта қар жабу жапқан құба бел,
Тоң болып жатқан топырақтардан тұра көр.
Көктемім менің, жеті қат жердің астынан
Ит жуа болып, бәйшешек болып шыға кел!
Сақалын көкке боясын аппақ серкелер,
Отарын көкке жаятын болсың ертең ел.
Темірден қашып тентіреп кеткен цыгандай,
Қаңғып та кеткен құстардың бәрін ерте кел.
Мамырың келіп, мамыражай күн орнасын,
Көбелек боп кетсін еңсемді басқан қорғасын.
Бәйімбет атам бақшасына жетіп мыңсайрам,
Бақытты жерде бәйіт пен дастан толғасын.
Жараған кезде жарысар тұлпар іздеген,
Жирен атыма ат күші бітсін жүздеген.
Ақ таңда тұрып аттанып тауға кетейін,
Қасыңнан сенің қалмаймын дейтін қызбенен.
Көп күтіп сені, көз сүзе берем далаға,
Ұқсап та жүрмін әпкесін күткен балаға.
Көктемім менің, көкекке мініп жеткейсің,
Мен дейтін болсаң календарьға да қарама.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемге хат өлеңінің авторы кім?

Жұматай Жақыпбаев — осы өлеңнің авторы.

Көктемге хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көктемге хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұматай Жақыпбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көктемге хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері