Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан
Сенсіз де жетіп жатыр құрған қақпан...
Сол «сылқым» бұл дүниеде біреу-ақ қой
Өзгесі болса, іздерсің басқа жақтан.
Ағаның құттықтадым қуанышын,
Қуанбай нәрестеге тұрамысың!
Көңілінде кімнің болсын шырақ жақсам,
Дегендей жақсылыққа бұрады ішім.
Ешкімнің бақ-талайын күндемеймін,
Жаным бар бұлтқа емес, күнге бейім.
Деген ғой күншіл көзі қос көреді...
Тәптіштеп арғы жағын мен не дейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкшелеп менің, шырақ, ізім баққан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері