Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең»

Бұл бетте «Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең»» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 31.08.2019
  • 0
  • 0
  • 6868
Ағузубилла алһамнан
Сөз барлығы басталған.
Қысқа бір дүние, тар заман,
Талайлар саған тап болған.
Кешегі кеткен аташым,
Көңіліме қайғы дақ салған.
Бойымда әдеп сақтаған,
Асқар бір таудай қорғаным,
Аударып қағаз ақтарған.
Жалғаншыны жат етпе,
Алласын ойлап тоқталған.
Афуза—ғалам ғафудан
Іздесем, ізің табылмас,
Үмітім таңда махшардан.
Балапаны баураусыз,
Ұясында жас қалған.
Жағдайды айтып халқыма,
Базарым қайтты, бақ тозған.
Кешегі өткен жан атам,
Бір өзі көпке баланған.
Байрақты жерде бәйге алған,
Тұғырымдағы сұңқарым.
Батырдан басың ұзаған,
Кемеңгер едің кеңеске.
Құлақтың құрышын қандырған,
Үргеніште пірің Зәкіржан
Құр емес дейді зайырдан.
Дін үшін жанған шам екен,
Мұсылман жұрттың қамы екен.
Арғы атамнан айтайын
Айшықты туды ұстаған,
Алқалы қолды бастаған.
Жеті атаға қос артып,
Қасталы болған аурулар
Қасына келсе, жазылған.
Кереметі қойдай күңіреніп,
Ел жиналған басына,
Аллаладай пір болған.
Әуеден түскен ақ құран,
Аударып салып оқыған.
Кереметін білдірген,
Халқының көңілін тындырған.
Бесін уақты ақнамаз,
Ақ дәретпен оқыған.
Оқуға судай шалқыған,
Дәретсіз жерді баспаған,
Әдепсіз аузын ашпаған.
Екпіндей жендет келгенде,
Иман айтып саспаған.
Үшкір қалам қолға алған,
Ұшқан құстан үлгі алған.
Ақсақалдан бата алған,
Молдалардан хат алған.
Хатың бір суға шайылған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері