Қазақстан дабылы – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Қазақстан дабылы» атты Әбділдә Тәжібаев жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.02.2016
  • 0
  • 0
  • 5633
Өсе бір түсіп тауларым,
Таси бір түсті көлдерім.
Кеңейе түсіп аспаным,
Көгере түсті жерлерім.
Бұлтсыз күннің шұғыласы
Жайнатып көркін ғаламның,
Даламда тыңнан күй туын,
Көңілін ашты адамның.
Заводта соғып жаңа ырғақ,
Гуледі көрік дауылдай.
Ащы тер құйды жауындай.
Иленді шойын қамырдай.
Колхозды аулым жайлауын
Дүрілдетті трактор.
Төсін тосты нәрлі жер,
Ағылтты ақын дәмді жыр.
Бұл он жылға шыққанда
Қазақстан дабылы,
Жаңа дүние дүбірі,
Жаңа қарқын ағыны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақстан дабылы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Қазақстан дабылы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақстан дабылы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қазақстан дабылы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері