Кенен ақын үйінде

Бұл бетте «Кенен ақын үйінде» атты Әбділдә Тәжібаев жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1684
– Балалар, отырыңдар, дем алыңдар,
Шешейдің наны мен майын жеп алыңдар,
Түстеніп, асықпастан кетерсіңдер,
Қалаға содан соң да жетерсіңдер.
Қарт жырау деді осылай бір топ жасқа,
Шешей де жеңін түріп кірісті асқа.
Кенекем домбырасын шерте берді,
Көңілсіз меймандармен отырмасқа.
Боздаған ән басталды кәрі нардай,
Күйдірген кеудесінде зары бардай.
Төгер сыр, айтар әннің салмағынан
Шанағы домбыраның жарылардай.
Аңғартты ол кәріліктің қиянатын,
Қалайша жас өмірін қияды ақын?
Кездері болады екен өз үйінде – ақ
Тұруға айна алдында ұялатын...
Жөнелді ән ауысып, жыр ауысып,
Қыранның бірі қонса, біреуі ұшып.
Әуенге кейде болса шырқыраған,
Кейде бір кең сонарға кетер түсіп.
Тыңдаушы ұйып қапты, тынып қапты,
Шулайды кейде мәз боп, күліп қатты.
Кіргенше үйге сырттан ақ самаурын,
Үлгірді тербеп жырмен Кенен аулын.
Қайран қарт Алатаудың шоқтығындай,
Ән, жырдың тұтандырар оттығындай.
Келмеске көз жұмылып кетсең бір күн
Сезерміз сонда сенің жоқтығыңды - ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кенен ақын үйінде өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Кенен ақын үйінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кенен ақын үйінде өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Кенен ақын үйінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері