Жұлдыз

Бұл бетте «Жұлдыз» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 6856
Аясынан аспанның
Неге, жұлдыз, ағасың?
Жүрегі ме ең жас жанның,
Қайда кетіп барасың?
Зурә сұлу сен болсаң,
Жымыңдамай жерге түс.
Күміс қанат құс болсаң,
Суылдамай көлге түс.
Болсаң үміт қазығы
Орыныңда тұр ақпай.
Қара түннің үстінде
Жан алаулап шырақтай.
Кешкенімде соғыстың
Аласапыран дүлейін,
Сен жарқырат жол үстін
Саған қарап жүрейін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдыз өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Жұлдыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері