Қабір – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қабір» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1059
Өлді...
Көмді...
Келді...
Кетті...
«Қайыр-қош!..»
Ажал шіркін кімді кімнен айырмас?
Қорымжайға келгенімен, қонбайды
Қосағың да – күн кешегі қойындас.
Қу тірлік-ай...
Несіне оның дəндедің,
Таусылған соң талқаның мен əл-демің?
Тас молаңда тыншығанмен тіршілік,
Баспанаңда қыңсылайды Қанденің.
Бітпей, күтпей «үйте жүр мен бүйте жүр»
Жібек еді...
Жүнге айналды жүйке – жыр.
Барда даттап,
Жоқта жоқтап қинайтын
Ит өмір-ай,
Ит өмір-ай,
Ит өмір!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері