Бас ұрады адамдар оңашаға

Бұл бетте «Бас ұрады адамдар оңашаға» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 590
Қымбатыңды жыл ұрлап өмір атты,
Тазартады тақырлап тәңіректі.
Тағдыр кейде марқайтып, дараласа,
Кейде сандар ішінде нөлі етті.
Құмар етер достыққа өмір баста,
Бозбала шақ, шіркін-ай, көңіл басқа.
Ата-анаңнан көрінер бөтен жақын,
Кісіліктің, арман жоқ, шөлін басса.
Бір дәуір бар бітеді көпшіл желік,
Ал сонан соң кетерсің епшіл болып.
Бәрінің де өзіндік ізі қалар,
Орнықпағай тек бойға кекшіл қылық.
Бір күндері ержетер бала-шаға,
Сағынарсың Наурызды Қарашада.
Болашақ деп ой-сана ғалам кезсе,
Бас ұрады адамдар оңашаға.

Ақтау. 12.01.2002 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бас ұрады адамдар оңашаға өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Бас ұрады адамдар оңашаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бас ұрады адамдар оңашаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бас ұрады адамдар оңашаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері