Жақындайсың бір аттап

Бұл бетте «Жақындайсың бір аттап» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 819
Қалмайды адам бұ пәниді тұрақтап,
Мәңгі өмірге жақындайды бір аттап.
Мына сөзді, тыңдап көрші, ағайын,
Бір ойымды болдым елге сынатпақ.
Бұл Әлемді Алла бізге жаратты,
Ол белгілі, сезер көзі қарақты.
Бір күн өмір сүру үшін адамға
Бір-ақ тостақ көже кейде жарапты.
Ал байыдың, шектен шыға делікші,
Ал баймын деп асып-тасып желікші.
Сіздер түгіл Пайғамбарға бір күні
Жанын сұрай Әзірейіл келіпті.
Ал алдадың, ал арбадың — байыдың,
Жоғалды ма жүректегі қайғы-мұң?
Ойлап қара "ие Алла шүкір" деп,
Өтті сенің уайымсыз қай күнің?
"Пайда, пайда, пайда" десең күніне
Иман кетер сенен мүлде түңіле.
Мыңға бірді қоссаң алдап пақырды,
Сені кім деп, дейміз сонда мұны не?
Қалмайды адам бұл пәниді тұрақтап,
Мәңгі өмірге жақындайды бір аттап.
Мұсылмандар, орның болар Жұмақта,
Алла деші, иман сөзін қуаттап.

Қарғалы. 28.07.2000.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жақындайсың бір аттап өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Жақындайсың бір аттап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жақындайсың бір аттап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жақындайсың бір аттап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері