Амал жоқ сүйемін – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Амал жоқ сүйемін» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Тек менде боран бар, бұлтым бар,
Жап-жарық бұл әлем нұрланған.
Уа, барымташы қыз қайтаршы,
Мендегі бақытты ұрланған.
Сен кеттің, көктемді әкеттің
Біздегі жап-жасыл бұл маңнан.
Табанға тапталды бұл бақта,
Сарғайған жапырақ мұңданған...
Бірақ та сүремін өмірді,
Еске сап біздегі сәттерді.
Сені де жіберем арманға,
Қолымнан ұшырып кептерді.
Тауға ма?..
Бұлтқа ма?..
Айға ма?..
Самғарсың мекен ғып көктерді.
Сезімнің шегін мен іздеймін,
Өрнектеп шегі бар дәптерді.
Несіне мұңаям, толғанам,
Сен жүрсің жанымда, бағымда?!
Тәкаппар сезімдер — сыңарың,
Мейірім тұншығып ағынға.
Сен мені мәңгілік ұмыт тез,
Соңғы рет жылап-ап сағын да.
Тек менің сезімім сөнбесін,
Уа, сезім! Уа, жүрек! Жалында!

Шырқалған көмейде ән едің,
Кеудемде күмбірлі күй едің.
Мен саған тым жақын боп кеттім,
Сәулеңе ып-ыстық күйемін.
Өзің кеп жандырған, өшірген,
Жүректе қарайған күйе мұң.
Туылдық, амал жоқ өлеміз,
Амал жоқ мен сені сүйемін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Амал жоқ сүйемін өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Амал жоқ сүйемін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Амал жоқ сүйемін өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Амал жоқ сүйемін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері