Апама ұқсайсың – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Апама ұқсайсың» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ойыңнан сенің қайғырам,
Жырыңды оқып түңілем.
Аппақ жаныңды парақтап,
Кітап жүзіңе үңілем.
Қақтығысады сезімдер,
Жанарлардың жолынан.
Апамның әжім саусағын,
Мұңыңның көрем қолынан.
Кірпігің әнтек қозғалар,
Құлатып алмай моншағын.
Түнге ұқсаған көзіңнен,
Әкеткен Айды сонша кім?
Қоңыр сағыныш төселген,
Күзге де жаяу жетіпсің.
Апамның жасыл көйлегін
Көктемге шешіп кетіпсің.
Жауады көздің жаңбыры,
Жанымның күзін шайып-ап.
Жүрегің, сезем, жылап жүр,
Ағарған шашын жайып-ап.
Мұңаймасын деп терезең,
Ай күзетшісі жүр тұғын.
Апамның ине, жібімен,
Жүректің тікші жыртығын.
Құстардың мұңын естимін,
Үніңнен діріл, сөзіңнен.
Апамның мұңлы жанарын,
Көремін қара көзіңнен.

Бұл ғұмырыма жетердей,
Көзіңнен сәуле тарады.
Жүзіне ұқсап апамның,
Қартайып жаның барады.
Қоңыр аруды босатшы,
Дертіңнен бір сәт, түн, айық!
Апамдай сен де қарайсың,
Ақшамға неге мұңайып.
Соры көбірек расында,
Сезімнің шаттық бағынан.
Бетінен иіскеп апамның,
Балалығымды сағынам.
Мұң сүйді сенің көзіңді,
Қара шидемін түн киді.
Орамалынан апамның,
Күз иісі мүңкиді.
Күн кесесі төгіліп,
Бұлақтай нұрын таң құйды.
Орамалынан апамның,
Қоп-қоңыр шашың аңқиды.
Қоңыр күзімді сағындым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апама ұқсайсың өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Апама ұқсайсың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Апама ұқсайсың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апама ұқсайсың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері