Жапырақпын – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Жапырақпын» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тал өмірге жармасқан сырға, жаным,
Қобызына шанақ болдым жыр даланың.
Алматым-ау, терезеңнен мұң ағады,
Тамшысымын жылап тұрған бұл қаланың.
Жауыныңнан ықтай түсіп қол шатырға,
Айтшы, сол бір ұраңқайда олжа тұр ма?
Мұң жапырақ жүрегіме оранып-ап,
Тоңған көше...
Адасқан із...
Жол жатыр ма...?
Жүздеріне сұрғылт күздің табы сіңген,
Күз мінезді жүректермен табысып ем.
Ақ жаңбырға үзілдім ғой жапырақ боп,
Жүзіп барам мен өмірдің ағысымен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жапырақпын өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Жапырақпын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жапырақпын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жапырақпын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері