Хор қызы жерге түскен пейіштегі – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Хор қызы жерге түскен пейіштегі» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Хор қызы жерге түскен пейіштегі,
Ақ сәулеңнен Айға айналды көр іштегі.
Қанатыңды Ібіліс кеп сындырды ма?
Нұр жүзіңнен көруші едім періштені.
Ханшайымым, жүрегімнің тағындасың,
Сарқырама — сағынышым, ағын — жасым!
Аппақ гүлім көз жасымнан суарылған,
Енді міне, басқа үйдің бағындасың.
Қарай-қарай жанарыңды жарық қылдым,
Жүре-жүре көшелерді жалықтырдым.
Аққуымды жоғалтқан сол тар көшеден,
Аққуымның көлеңкесін жолықтырдым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Хор қызы жерге түскен пейіштегі өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Хор қызы жерге түскен пейіштегі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Хор қызы жерге түскен пейіштегі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Хор қызы жерге түскен пейіштегі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері