Көзімде – күрең күз бар суықтау – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Көзімде – күрең күз бар суықтау» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Көзімде – күрең күз бар суықтау,
жапырақтары жалыққан, тоңған.
Кірпігім – ұшы жалаң бұтақтың,
Қыз саусағындай қорыққан...
Солған жапырақтарымды тұтқан
көңіл – діңгегім,
тамыры – жүрек...
Күз жаным атырабында жатқан
мұңды қозғайды ақырын үрлеп...
Жабыққан шаһар қарап тұр менің
жанарымдағы
жаңбырлы баққа,
ғимараттарға да, жел бүркенген;
бара жатқандай жолдарды таптап,
жығылғандай ма сәждеге барып,
алақан жайған қайыршыдай ма,
көздер ме тұрған көктерге қарап –
қазан есімді қайырлы айда
жанар-бағынан қала жолына
жауып жатқан бұ жапырақтарым.
...Сусып түсетін алақаныңнан
бір уыс қана топырақ бәрі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көзімде – күрең күз бар суықтау өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Көзімде – күрең күз бар суықтау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көзімде – күрең күз бар суықтау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көзімде – күрең күз бар суықтау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері