Еске түсіру – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Еске түсіру» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2515
Келе жатыр шіркін шілде таңы атып,
Бірте-бірте тіршілікті оятып,
Үй алдында қайрап қойған шалғының
Жүзін нұрға, ал қызылға боятып.
Ішке сырттан ауа кіріп бір құшақ,
Түндік көзі жылт етті де, тынды сәт,
Шыңылдаған шықты шалғы дыбысы,
Түні бойы мен сағынған үнге ұқсап.
Ал ұмтылдым, аңдығаным сол менің,
Жел-табаным, күн сәулесі - көйлегім,
Алыста бір аттың жалы жалт етіп,
Жаңында бір жаңа түскен жол көрдім.
Түні бойы ала кет деп жалынған
Қайран тілек ескерусіз қалынған,
Енді қазір сонау шалғай сағымнан,
Әкем бөркі көзге бір-ақ шалынған.
Құрдас болса қуып жетіп, сорлатып,
Аттан жұлып, көк шалғынға аунатып,
Кетер едім деген ашу, бір ыза,
Келе жатыр мені желдей заулатып.
Жеттім ақыр, көрінбеймін көзіне,
Мына сәтте шабытты екен өзі де,
Менің әлгі буырқанған ашуым
Жалтылдаған кетті шалғы жүзінде.
Зуылдады айқай орақ, «айды орақ»,
Алға салып күнді бүктеп, айды орап
Бара жатыр әкем сағым ішінде
Алыс алқап, жақын шетті аймалап.
Жалғыз десем, шалғы толы шартарап,
Өңкей шебер кетті тартып шалқалап,
Бейне тасқын шалғын бойы желді күн
Толқындары құлап жатқан анталап...
...Қалдым кейін қыс ішінде мен жетім,
Тағы да өсті шалғын қаптап жер бетін.
Біздің үйден қырға шықпай қалды адам
Талас тұрып, көруге таң келбетін.
Бірақ тағдыр мені ерте қамдатып,
Талай жүрдім тұрмыс жолын шаңдатып,
Сол тұңғыш таң, сол жүгіріс алғашқы
Кеткен екен сыбағамды таңдатып.
...Өтті жылдар керуені тоқталмай,
Атса жайсаң жаздың таңы ақ маңдай,
Еңбек-әкем, әкем-еңбек алға озып,
Болам ылғи қуып келе жатқандай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еске түсіру өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Еске түсіру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еске түсіру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еске түсіру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері