Ғабит Мүсіреповке

Бұл бетте «Ғабит Мүсіреповке» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2443
Ардағым Алтай - даламның асқақ төрі екен,
Таудың да тарлан таланттысы екен, сері екен.
Тау емес мынау кілең бір алтын баспалдақ,
Алланың өзі аспаннан түсер жері екен.
Төменде біздер бөркіміз бастан сырғанап,
Қағамыз таңдай бір емес оған мың қарап.
Керіледі Алтай керемет көркін көзге әкеп,
Сыбырлап ерні - рақат, қызық мұндалап.
Жолдарын жібек белбеудей бейне бос тастап,
Қалбаның тауы қарсы алып бізді қош-қоштап,
Сібенің көлі сілтейді жеңді теңізге,
Ол өзі содан ажырап қалған досқа ұқсап.
Жағалай таулар біріне-бірі сүйкенген,
Бір бірін қолдап биікке қарай итерген.
Солардың сонау арғы да арғы басында
Атақты теңіз - Бұқтарма жатыр бұлт емген.
Келеміз соған қақ жарып аппақ тұманды,
Қандырып тастап құмардан қызық құмарды,
Көкірек шіркін күмбезді бейне кең сарай,
Шырқайды көңіл бір әннен кейін бір өнді.
Пай-пай-пай! Міне, айтулы сабаз көкмұнар,
− Ал енді мұның алды-арты мүлде жоқ шығар!
Аңқылдақ ақын қуанар қолын шапақтап,
Жаңғыртып тауды күледі оған жолшылар.
Бұқтарма теңіз - адамның қолы жасаған!
Сеніп көр кәне, мынаған қарап ал соған,
Мың - мыңдар ғасыр осылай тұрған секілді,
Жүздеген таулар қолпаштап оны қоршаған.
Тек шофер ғана жас жігіт анау Аймаған,
Теңізге шапшаң көңілі көне қоймаған.
Ол осы дария - телегей судың астында
Домалақ күйі доп қуып талай ойнаған.
Балалық жұрты, жігіттік аулы сонда қап,
Шыланып кірпік - азырақ толқып толғанад,
− Ничего! - дейді көңілді біздің жолбасшы,
Түсеміз жүйткіп ылдиға төмен сорғалап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғабит Мүсіреповке өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Ғабит Мүсіреповке өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғабит Мүсіреповке өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғабит Мүсіреповке өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері