Ағайын, бейнет шексең – Бақыткерей Ысқақ

Бұл бетте «Ағайын, бейнет шексең» атты Бақыткерей Ысқақ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3468
Ағайын, бейнет шексең-
Тағдыр,-десті,
Көрінбей жаулап алды,
Сыбыр, Есті.
Тәңірді терістеген,
Біздің дәуір
Жетпіс жыл,
Насихатпен ғұмыр кешті.
Орны тұр,
Ар, Ұяттың, көзі қайда?!
Кеткен-сын,
Көрген жан жоқ,
Сөзі майда.
Адамдар,
Адамды алдап күн батырды.
Таң атты,
Жылуымен асырай ма?!
Пенделер,
Дәтке қуат тұлғаланды,
Көңілге медет сұрап,
Құр қалмады.
Не бір ғажап,
Қаруды ойлап тапты
Бір өзі, көшірердей бұл ғаламды.
Бас жазудан,
Тас қазу-оңайлады,
Түн сырғып,
Таң алдынан арайлады.
Екеу болса
Жалғыз мал қорасында
Пенденің,
Желкілдейді ақ айдары.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ағайын, бейнет шексең өлеңінің авторы кім?

Бақыткерей Ысқақ — осы өлеңнің авторы.

Ағайын, бейнет шексең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ағайын, бейнет шексең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бақыткерей Ысқақ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ағайын, бейнет шексең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері