Қар қызы – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Қар қызы» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қара аспан жұлып-ап кеудесінен
Ақ жүректі, ақ отты төкті көктен.
Суық жүрек, суық көз ызғар келді,
Жанарыңда жылу бар өтті көктем.
Әлеміңе мен келдім суық сұлу,
Сені іздеп ғашығың жетті көптен.
От жүрекке жақындап суық жүрек,
Суық ерін қар қызы өпті беттен.
Біле алмадым өртімді кеудемдегі,
Кеудем нені қалайды, сезім нені?
Ызғарына жаһанның кетіп мәңгі,
Жылуымды қар қызы сезінбеді.
Мұз боп қатқан тас кеудең ерісін деп,
Отты жұлып берер ем өзімдегі.
Аппақ қар мен тас түнек, Ай ғана бар,
Әлемінде мен жоқпын көзіңдегі.
Жүрші, жаным, ақ қарым суық сүйген,
Қар оранған жүректің табам емін.
Жылытамын жүрекпен бар әлемді,
Бұдан артық қаласаң жанам дедім.
«Өз жарығын өзгеге сыйламаған,
Өз отына өртенген жаман» - дедің.
«Жылуы бар суықта жаурағаннан,
Ызғар басқан суықта қалам» - дедің.
Жаурап тұрып...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қар қызы өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Қар қызы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қар қызы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қар қызы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері