Өлең, жыр, ақындар

Ұстаздың ұлағаты

  • 12.05.2017
  • 0
  • 3
  • 41707
Әр сабағы болып өтіп тағылым,
Әр шәкірттің оятатын танымын.
Мейлі, есейіп кетсе де сол ұл-қызы,
Санасында жүре берер әлі күн,
Ұстаз деген – мәртебелі бір есім.

Ұқтыратын сол біліммен күйді айқын,
Әр түлегі шәкірт күнін қимайтын.
Ізгі жаны бағытталған балаға,
Сондықтан да қоғамы оны сыйлайтын,
Ұстаз деген – ұлағатты ұлы есім.

Өмірінің мағыналы шақтары
Мектеп болып, содан бақты тапқаны.
Ұстаз деген – сол ұяның жүрегі,
Ұстаз деген – сол ұяның мақтаны.

Дейді ұл-қызға берілетін бағаң көп,
Білім жолдан қалма өзгеге алаң боп.
Осы жолдан болашақты іздесең,
Сендер үшін алынбайтын қамал жоқ.

Сол соқпақта тоқтатпайтын күресін,
Алып жүрген құрметпенен үлесін.
Ұстаз деген – әр шәкірттің мақтаны,
Ұстаз деген – осындай бір ұлы есім.



Пікірлер (3)

Ақерке

Керемет

Жасмин

Өте керемет

Қанат Б

Ғабиден Қожахметтің бұл өлеңі жүректі елжіретеді. Ұстазға деген шынайы құрмет пен тәрбиенің мәні керемет жеткізілген. Әсіресе соңғы шумағы терең ой салады және әр оқушы мен әр ұстазға шабыт береді. Қазақ әдебиетінің асыл мұрасы ретінде оқуға тұрарлық, әр сөзінің мағынасы жүрекке тиеді!

Пікір қалдырыңыз

Азаттық деген - болашақ

  • 0
  • 1

Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.

Толық

Ана тілі

  • 0
  • 9

Ойлады ма болсыншы деп тіл аман,
Сонда ғана деді ме ұлт боп құралам.
Сонау жылы тіл мәртебе алғанда
Көзіме жас алдым дейтін бір адам.

Толық

Туған жер

  • 0
  • 2

Сенде есейіп, сенде артады ұғымым,
Сенде өткізген балалығым – ұлы күн.
Отан деген не десе егер, сен дер ем,
Кие қонған туған жерім, тұнығым!

Толық