Сен кеткелі – Нұрбек Нұржанұлы

Бұл бетте «Сен кеткелі» атты Нұрбек Нұржанұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Бұл әлем қап-қара тас түнек,
Қара бақ, қара жер, қара құм.
Әлем — от, жүрегім мұп-мұздай,
Сұп-суық оттарға жанатын.
Сендегі әлемге барар ем,
Жаралы жаным да, қанатым.
Отырмын жалғыздық жамылып,
Жетімдік сездірген қара түн.
Бұл әлем қара мұң...
Бұл әлем қараша күз ғана,
Жапырақ жүрегім сарғайды.
Күтеді жап-жасыл бақтарды,
Көктемге ұмтылған тал қайғы.
Даланың әжімі көбейіп,
Ағаштар жөтеліп қартайды.
Бұлттардан күн нұры көрініп,
Тығылып тағы да алдайды.
Бәрі де сарғайды...
Сендегі көктемгі аймақтан,
Кей кезде ән салып құс өтер.
Сенемін, жапырақ жайқалып,
Көктем кеп, бұл маңнан күз өтер.
Бұл бақты аралап сарғайған,
Мүлдем бір бейтаныс қыз өтер.
Бұл маңнан көктемге кетсем де,
Жүрегім бұл күзді күзетер.
Мәңгілік күзетер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен кеткелі өлеңінің авторы кім?

Нұрбек Нұржанұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен кеткелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен кеткелі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Нұрбек Нұржанұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен кеткелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері